Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » «Біз шыныққан баламыз... » Қазақтың ұлттық ойыны – асық ату

«Біз шыныққан баламыз... » Қазақтың ұлттық ойыны – асық ату

Жарияланған: 15.11.2018


 «Асық – ептілікке, мергендікке баулиды.    

                                                                                 Бұл – үлкен халықтық тәрбие».

                                                                                                    Б.Момышұлы

      Баянауыл №2 жалпы орта білім беру мектебінде  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 қараша күні мектепаралық қазақтың ұлттық ойыны - «Асық ату» сайысы болып өтті.

Мақсаты – асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Аталған іс-шараға Ш.Айманов, З.Ақышев және Баянауыл №2 мектептен командалар келіп қатысты. Нәтижесінде, 1 орынға Баянауыл №2, 2 орынға №1 Ш.Айманов  және 3 орынға З.Ақышев мектептері ие болды.

Сонымен қатар, үздік ойыншылар Ш.Айманов мектебінен Аханов Ержігіт, З.Ақышев мектебінен Майданов Дамир, Баянауыл№2 мектептен Рахимбергенов Мирас деп танылды. Аталған командалар мен оқушылар алғыс хатпен марапатталды. «Асық ату» ұлттық спорттық ойыны жоғары дәрежеде өтілді.

Ұлттық асық тарихын ұмыт қалдырмай, жаңашыл леппен ойындар ойлап табу да әрбіреуіміздің қолымыздан келері хақ. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан спорттық ойындарды қайта жаңғыртсақ, нұр үстіне нұр болар еді!

                                     Денешынықтыру пәнінің мұғалімі С.Т.Бейсекеев

«Асық ату» ойынынан фотокөріністер

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы