«Біз біргеміз»

Жарияланған: 28.03.2020


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «Біз біргеміз» акциясын Баянауыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы жалғастыруда.

Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Міне, сондай игі істі Баянауыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдарымен сөйлесіп, келісіп, осындай қайырымдылық шарасын жасап ұйымдастыруды жалғастырдық.

Короновирус эпидемиясына байланысты кәсіподақ мүшелерінің  төмен отбасыларына, жалғыз басты  ардагер ұстаздарға, науқастанып жатқан адамдарға, мүгедек және жалғыз басты адамдарға көмек көрсетілуде.  Әрқайсысына ақшалай, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен көмек көрсетілді.. Қайырымдылық акцияға белсене қатысып көмектер көрсетілді: Б.Хайдаров, З.Ақышев Егіндібұлақ, С.Торайғыров атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдары кәсіподақ  ұйымының есебінен I, II топтағы мүгедек  балалар мен мен оларды бағатын ата-аналарына 35000 мың теңге ақшалай көмек , №2 Баянауыл, Ж.Аймауытов мектептері онкологиялық  ауруы бар науқастарға 50000 мын көлемінде  ақшалай көмек, Шадыра, Ақши Жайма, Лекер, №2 Майқайың  аз қамтамасыз етілген отбасыларына, ардагер ұстаздарға азық түлік, 37000 мың теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

Аудандық кәсіподақ ұйымының есебінен онкологиялық науқас адамға 55000 мың теңге  есеп шотына аударылды,15000 мың теңгеге жалғыз басты ардагер ұстаздарға азық түлікпен камтамасыз етілді.  Көп балалы, жалғыз басты отбасы мүшелеріне бетперделер тегін таратылуда.Сындарлы сәтте қазақ халқының мәрттігіне, жомарттығына сай әрекет жасауымыз керек. Кез келген қиындықтан бірлікпен, татулықпен шықсақ, жеңіске жетеміз, елдігіміз бекем болады.

Береке мен бірлік бәрін де жеңеді!

Баянауыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ 

ұйымының төрайымы Айнагүл Жанатқызы Ныгметова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы