Введите ваш запрос для начала поиска.

Бірлестігіміз жас отбасыларды қуантты

Жарияланған: 27.11.2018


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Айбын»  бірлестігі жұмыс жасап жатыр. Сол бірлестігіміздің ұйымдастыруымен «Отбасым-чемпион» атты жас отбасылар арасында сайыс өтті.

Сайыс 9 кезеңнен құралды, «Эстафета», «Смайлик-караоке», «Үй макетын жасау», «Балаларды шапшаң киіндіру», «Балалар арасында велосипед және көлік жарыстары» және тағы да басқа.

Сайыс қорытындысы бойынша Сеитовтар отбасы үшінші орын, Муратовтар отбасы екінші орын, Касеновтар отбасы бірінші орын алса, бас жүлдеге  Саденовтер отбасы ие болды. Сайыстың барлық жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

Бірлестік жетекшісі: Әсетқызы Мөлдір

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы