«Баянтау» – менің досым!

Жарияланған: 25.06.2019


Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай «Баянтау» газетінің редакциясында болашақ журналистермен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Мәдениет Ахметов пен аудандық «Жастар орталығының» директоры Ренат Ильдин арнайы келіп, студент жастарға естелік сыйлық табыс етті.
С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің студенттері Дәмет Ғинаят, Азира Мұхит, Инабат Айтбай, Алсу Қайыржан, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлтық университетінің студенттері Мақпал Дүйсен, Аяулым Рахымтаева дөңгелек үстел басында неліктен журнилистика мамандығын таңдағандары, болашақ арман-мақсаттары мен ұсыныс-тілектерін айтты.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы