Баянауылдың жас археологтары

Жарияланған: 02.07.2019


Осыдан бір жыл бұрын Баянауыл № 2 жалпы білім беретін орта мектебінде география пәні мұғалімі Р. Т. Исмагамбетова және тарих пәні мұғалімі А. К. Әбікеева ұлы жерлесіміз, Қазақ КСР ҒА Археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Марғұланның құрметіне аталған археологиялық үйірме құрылды.

Үйірмені құру идеясы мен демеушілік көмек Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының президенті, мектебіміздің түлегі Нұрлан Бектасұлы Рыспановқа тиесілі. Ұлтымыздың көшбасшысы-бірінші президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың 7 қыры" атты мақаласында"өз тарихы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, патриотизмді мектеп қабырғасынан бастау керек" деп айтылған.

Бәріне белгілі болған, Баянауыл тек ертегі мен аңыздарға ғана емес, сонымен қатар белгілі тарихи және археологиялық орындарға да бай: Данатас, Мырзашоқы таулары, Кемпіртас тауы, Жасыбай және Сабындыкөл көлдері, «Баянауыл стоунхенджі»- Торайғыр көліне жақын орналасқан  «қорған» атты археологиялық ескерткіш, осының барлығы Павлодар Ертіс өңірінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның да киелі жерлері.

Баянауылдағы павлодарлық ғалым-археологтардың археологиялық зерттеулеріне, ПМПУ жанындағы "Margulan Centre" қалпына келтіру жұмыстарына, атап айтқанда, Тасмола мәдениетінің сақ жауынгерінің археологиялық ескерткішіне көмек көрсетуге Баянауыл № 2 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары да белсенді қатысып, жұмыс жасауда.

Балалар сондай-ақ археологиялық жұмыстарға қажетті коммуникацияларды салуға көмектеседі, тарихи ескерткіштерді жануарлар мен т.б. әсерінен қорғап, қоршауда және тәжірибе жұмыстарынан өздерінің туған өлкелерінің тарихы туралы білімдерін толықтырады. Экспедиция жұмысына қатысу балаларды біріктіріп, өз өлкесін сүюге, тарихты құрметтеуге және оны мақтан тұтуға мүмкіндік береді.

Археологиялық үйірменің жұмысы болашақта оларға жаңа "Алтын адамды" табуға және Баянауыл жері бай бірегей олжалар мен артефактілерді ашуға мүмкіндік береді.…

Жас ғалымдарға жаңа салада, оқуда және денсаулықта табыс тілейміз!

 «Әлкей Марғұлан» үйірмесінің жетекшілері

Исмагамбетова Р.Т.

Абикеева А.К.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы