• Меню » Жаңалықтар » Баянауылда аудандық идеологиялық активінің кездесуі өтті.

Баянауылда аудандық идеологиялық активінің кездесуі өтті.

Жарияланған: 07.03.2019


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің қорытындысы бойынша 05-ші наурыз күні Баянауылда аудандық идеологиялық активінің кездесуі өтті. 

Облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес өкілдері, ардагерлер мен қоғамдық бірлестіктер және жастар  қатысқан жиынға аудан әкімі  Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов төрағалық етіп, Мемлекет басшысының партиялық съезде берген тапсырмаларын аудан көлемінде орындау бойынша шаралармен таныстырып,  Елбасы көтерген өзекті мәселелер дұрыс бағыт алып, қомақты нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезініне облыс атынан делегат ретінде қатысқан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Сұңқар Нұртайұлы Аханов, "Агроөнеркәсіп кешеңінің дамуы туралы" аудан әкімінің орынбасары Мәдениет Қайыргелдіұлы Ахметов, "Елбасының қойған әлеуметтік бағыттағы міндеттерін іске асыру туралы" аудан әкімі аппаратының басшысы Қайыргелді Қасымтайұлы Абылғазин, "Экономикалық аспектілері туралы" ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Серік Қасымханұлы Бейсенкулов және Жастар жылы аясында жастарды қолдау туралы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әділет Жайлаубайұлы Серік жиынның күн тәртібіне сәйкес,   бекітілген  мақсаттардың негізгі орындау жолдарымен баяндама түрінде таныстырды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы