Баянауылда аймақтық Шәкен Айманов оқулары өтті

Жарияланған: 19.02.2020


         Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында кино өнерінің саңлағы, режиссер Ш. Аймановқа арналған дәстүрлі ІІІ аймақтық  Шәкен Айманов оқулары өтті. Мақсаты: Ш.Аймановтың қазақ өнерінде жасаған еңбектерін нәсихаттау, оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау, дарынды оқушыларды мадақтау.

Аймақтық  оқуларға  126 оқушы қатысты. Оқулар  5 секция бойынша жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды.

         «Сахна саңлағы» секциясы бойынша оқушылар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай шығармашылығы бойынша  қойылым көрсету болды. Қорытындысы бойынша бас жүлде  Ш.Айманов атындағы ЖББО мектеп-интернаты иеленсе, І орын Қаражар жалпы негізгі мектебі, ІІ орын  Д.Рахметов атындағы ЖББОМ , ІІІ орын  Ә.Марғұлан атындағы  ЖББОМ. Ерекше көзге түсіп, актерлік шеберліктерін көрсете білген Сұлужон ЖББОМ, Оразбай  рөлін сомдаған   Д.Рахметов атындағы ЖББОМ-нің оқушысы,  Абай рөлін сомдаған. З.Ақышев атындағы  ЖББОМ-нің 10 сынып оқушысы  Болат Әлібек марапатталды.

         «Ақ қағаз қалам сия келді бізге» мүшәйра секциясында «Шәкен – дарын сахнаның сардары», «Абай –дана, Абай-дара қазақта», «Алтын ұя - мектебім» тақырыбында  жеребе бойынша таңдап алып, өлеңдерін шығарды. Секция жабық түрде өтті. Секция нәтижесі бойынша І орынды  Шадыра ЖББОМ-нің 10 сынып оқушысы Әшім Айғаным  иеленсе, ІІ орынды  Ш. Айманов атындағы ЖББО мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қаппас Фариза, Дүйсен Диана Ж.Аймауытов атындағы ЖББОМ-нің 9 – сынып оқушысы,  ІІІ орынмен Ризаев Ерасыл  Жайма  ЖББОМ-нің 11- сынып оқушысы,  Ғайбиран Қарақат  С.Торайғыров атындағы ЖББОМ-нің 8 – сынып оқушысы,   Оспанов Әлиасқар  Сұлужон ЖББОМ-нің 7 сынып оқушысы иеленді.

«Көңілім әнді ұғады»секциясы 10 – 13 жас аралығында, 14- 16 жас аралығында екі топ бойыша өтті. Үміткер қалауы бойынша халық әндері немесе халық композиторларының әндерінен немесе Ш.Айманов фильмдеріндегі қолданған эстрада жанрындағы әндерден бір ән орындау болды.

- 14 – 16 жас аралығында

І топ бойынша

І орынды Солтанбай Күннұр –, Егіндібұлақ  ЖББОМ-нің 7 сынып оқушысы, ІІ орынмен  Марат Сабина  Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-нің 6-сынып оқушысы,   Ш. Айманов атындағы ЖББО мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы  Қаппас Камила,  ІІІ орынмен  Ж.Ағаділов мектебінің 6-сынып оқушысы Расулқызы Аяулым,  №2 Баянауыл ЖББОМ-нің 4-сынып оқушысы Асқар Еламан , С.Торайғыров атындағы ЖББОМ-нің 6-сынып оқушысы  Маратова Мадина , З.Акишев атындағы ЖББОМ-нің 4-сынып оқушысы  Сыздык Мұстафа, Қ.Сәтбаев атындағы ЖББОМ-нің оқушысы  Манар Ерасыл марапатталды.

ІІ топ бойынша

І орын  З. Ақышев ЖББОМ-нің 10 –сынып оқушысы Тлеубек Мадина,

ІІ орынмен  Шадыра мектебінің 8-сынып оқушысы Толеутай Меруерт, Шөптікөл ЖББОМ-нің оқушысы  Кәким Данара,

Баянауыл №2 ЖББОМ-нің оқушысы Штибен Диляра  марапатталды.

«Қылқалам және қол өнер шеберлері» секциясында Ш.Айманов кинофильмінен үзінді көрсетілді. Оқушылар сол кинофильмінен көргендерін эпизодты суретке салып, үйден жасап алып келген қол өнер бұйымдарын қорғады. Бұл секция бойынша  І орын Жайма орта мектебінің оқушысы Даулет Айша, ІІ орынмен  Ш. Айманов атындағы ЖББО мектеп-интернатының оқушысы  Камашева Асима,  Ж. Ағаділіов мектебінің оқушысы Турғанбай А, ІІІ орымен З.Ақышев ЖББОМ-нің оқушысы Ғалымжанова Асылым, Баянауыл №2 ЖББОМ-нің оқушысы Болих А, С. Торайғыров ЖББОМ-нің оқушысы Сағидолла.Д марапатталды.

 «Менің мектебімнің тарихы» секциясында әр мектеп өздерінің мектеп тарихы бойынша ғылыми жоба жазып, презентация  жасап қорғады. Бұл секция бойыншаІ орын – Қ.И. Сатбаев мектебінің оқушысы Түсіпбай Ақмарал, ІІ орынмен С.Торайғыров ЖББОМ-нің оқушысы  Қабылбек Іңкәр, Ж. Ағаділов мектебінің оқушысы Бейсенбай Назерке, ІІІ орымен Қаражар негізгі мектебінің оқушысы Бақыт Аружан, Ш.Айманов атындағы ЖББО мектеп-интернатының оқушысы Абдығомар Дариға, Лекер негізгі мектебінің оқушысы Жұмақанова Айым марапатталды.

ІІІ аймақтық Ш. Айманов  оқулары жас шәкірттерді өнерін ұштаумен қатар білімділігін көрсете білді. Осы іс-шараның өтуіне бас демеушілік жасаған облыстық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Сартаев Орал Рахмашұлына , Баянауыл іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы  Олжатай Гүлмира Олжатайқызына және мүшелеріне алғысымызды айтамыз. 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы