Баянауыл – табиғаты талайды тамсандырған өлке.

Жарияланған: 10.02.2020


Баянауыл – табиғаты талайды тамсандырған өлке. Арқаның інжу-маржанына баланған байтақ. Қазақтың қасиеті мен қастері сақталған атырап.

Ұйық мекен іздеген Асан Қайғы Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», - деп, Баянауылды өзіне жайлау етіпті деген аңыз осынау өлкенің тарихын тереңнен тануға шақырады.

Табиғаты тылсым, тарихы терең өңірдің құрсағынан түлеген «қыздары көркем май гүлі, ұлдары көпке әйгілі».

Осындай кереметтерге куә қылған Баянаула қазіргі уақытта жазғы және қысқы туризмнің негізгі орталығына айналды. Еліміздегі ең үздік 10 демалыс аймағының қатарына енген Баянауыл курорттық аймағын төрткүл дүниеге таныту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсаттаБаянауыл курорттық аймағының ресми логотипін бекіту үшін Баянауыл ауданының әкімдігі «Логотип» ашық байқауын жариялайды.

 

Баянауыл ауданының әкімдігі Баянауыл курорттық аймағының

ресми логотипін бекіту үшін «Логотип» ашық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Баянауыл курорттық аймағының ресми логотипі дизайнының байқауын (ары қарай - байқау) Баянауыл ауданының әкімдігі өткізеді.

1.2. Байқаудың мақсаты:

- Үздік Логотипті алдағы уақытта Баянауыл курорттық аймағының таңбасы ретінде қабылдау.

1.3. Байқау ашық түрде өтеді, еліміздің әр аймағынан кез-келген үміткер қатыса алады.

1.4. Байқауды бағалау және өткізуді аудан әкімінің бұйрығымен бекітілген конкурстық комиссия атқаратын болады.

1.5. Егер, ұсынылған жұмыстардың біреуі де байқаудың талаптары мен критерийлеріне сәйкес келмесе, және де конкурстық комиссияны қанағаттандырмаса, комиссия мүшелері байқауды қайта жариялайды.

 

2. Логотип жобасын әзірлеуге талаптар

2.1. Логотип жобасын әзірлеуші автор (авторлар) келесі ойды басшылыққа алуы қажет:

Баянауыл ауданының терең тарихы мен тұмса табиғатын таныту.

Логотип түсінікті, айқын болуы керек, қонақтар мен демалушыларды бірден қызықтырып, өзіне тартуы қажет.

2.2. Логотиптің эскизі алдағы уақытта әр-түрлі материалдарда, әр түрлі көлемдерде және техникаларда қолданылатыны есепке алынуы қажет.

2.4. Ұсынылған Логотип жобасын басқа ұйымдардың немесе мекемелердің эмблемалары/логотиптері (немесе олардың фрагменттері) көрініс тапса, байқауға қабылданбайды.

 

3. Байқау жобаларын бағалаудың өлшемшарттары

3.1. Жұмысты әзірлеудің көркемдік деңгейі.

3.2. Туристік аймақтың ажарын дәл көрсете білуі.

3.3. Жеңіл қабылдануы.

3.4. Бейненің лаконизм тәсілі.

3.5. Графикалық шешімнің өзіндік ерекшелігі.

3.6. Технологиялық және тираждаудың жеңілдігі.

3.7. Жасампаздық немесе креативтілік.

 

4. Байқаудың шарттары

4.1. Логотиптің жобасын ұсынушы автор (авторлар) байқауға қатысу туралы 1-қосымшаға сәйкес өтініш пен жұмысын қоса жолдайды.

А4, А3 форматында логотиптің түрлі-түсті эскизі және электронды нұсқасы қоса беріледі.

Егер логотиптік жоба авторлық ұжыммен бірлесе жасалса, өтінішінде шығармашылық ұжымның әрбір мүшесі жайында мағұлмат беріледі.

Логотиптердің А4, А3 форматындағы түрлі-түсті эскизі – Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49-үй мекен жайына, ауданның дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жолдануы қажет.

Эл.пошта: sport - bayan @mail.ru

4.2. Үздік деп анықталған Логотип Баянауыл курорттық аймағының ресми логотипі етіп жарияланады.

4.3. Жеңімпаз деп танылған автор, тапсырыс берушілердің сұранысына байланысты байқауға ұсынған нұсқасын толыққанды аяқтай алады.

5. Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1 кезең: 10.02.2020 - 15.03.2020 – байқауға жобаларды қабылдау.

2 кезең: 20.03.2020 – байқау жеңімпазын анықтау, марапаттау.

Байқау қорытындысы Баянауыл ауданы әкімінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, БАҚ-та жарияланатын болады.

6. Жеңімпаздар үшін сыйақы қоры

6.1. Ең үздік логотип авторына арнайы диплом мен және 500 000 теңге қаржылай сыйақы табысталады.

  • Байқауға қатысушы, автоматты түрде ЕРЕЖЕНІҢ барлық тармақтарымен танысып, келісімін берген болып есептеледі.
  • Комиссия шешімімен үздік танылған логотип алдағы уақытта Баянауыл курорттық аймағының ресми логотипі ретінде қолдануға құқылы. Жеңімпаз авторлық құқыққа ие болмайды.
  • Байқау аяқталғаннан кейін ұсынылған жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылып, комиссия мүшелерінің бағалауына шығарылады.

1-қосымша:

Баянауыл ауданының әкімдігі Баянауыл курорттық аймағының

ресми логотипін бекіту үшін өткізілетін «Логотип»

ашық байқауына тіркелу үшін өтінім үлгісі:

 

Аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

1

       
2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы