• Меню » Жаңалықтар » Баянауыл спортшылары волейболдан I – ші орынға ие болды

Баянауыл спортшылары волейболдан I – ші орынға ие болды

Жарияланған: 23.10.2018


Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек – 20 қазан аралығында Павлодар ауданының 90 жылдығына арналған волейбол спорт түрінен «Төрттік лига» облыстық ашық турнирі өтті. Турнирге Баянауыл, Аққулы, Железин және Павлодар аудандары қатысты. Баянауыл ауданының құрама командасы жүлделі I – ші орынға ие болды. Команда құрамы: Жакупов Азамат, Канафия Мақсат, Байтенов Асет, Канафин Мерей, Сеитов Абылай, Бектемиров Нұртілек, Иманзайып Ермек.

Сондай-ақ, ерлер арасында волейбол спорт түрінен Ақсу Ферроқорытпа зауытының 50 жылдығына арналған турнирде топ жарып, бас жүлдеге ие болды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!! 

 

 

 

 

 

 

 

Баянауыл ауданының дене тәрбиесі,

                                               спорт және туризм бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы