• Меню » Жаңалықтар » Баянауыл орманшылары төл мерекелері - Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті

Баянауыл орманшылары төл мерекелері - Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін атап өтті

Жарияланған: 26.10.2018


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» қаулысында қазан айының үшінші жексенбісі «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің  күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді.

            Оман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай  Аудандық мәдениет үйінде Қазақстанда құрылған алғашқы ерекше қорғалатын табиғи аумақ Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлеріне арналған салтанатты іс шара өтті. Салтанатты жиында Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің директоры Сүйіндік Бердешұлы Ахметжанов және Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әзілхан Әбеуов   орман шаруашылығы саласының қызметкерлерін атаулы мерекесімен құттықтап, ерен еңбегімен ерекшеленген бірегей орманшыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.  

Сондай-ақ шараға арнайы келген  Павлодар облысының аумақтық инспекциясының бөлім басшысы  Серік Кәрібжанұлы Апсаликов бір ғана жыл емес еңбек өтілінің көп бөлігін жергілікті мекеннің жасыл желегін табиғи және антропогендік қауіптен сақтап, өсіріп, өркендеуіне елеулі үлес қосып келген кәсіби орманшыларды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі  комитетінің наградаларымен марапатталды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің наградаларымен - «Құрмет грамотасымен» Айдарханова Зәуреш, Багисов Шаймардан, Куншуакова Динара және «Алғыс хатпен» Мадин Қуанбек, Садуакасов Ардақ марапатталды.  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы тапсырмасы бойынша  I – дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Канафин  Берік, II – дәрежелі «Қазақстан орманын қорғауда мінсіз қызметі үшін» Шекеев Ардақ және III – дәрежелі «Қазақстан орманын қорғауда мінсіз қызметі үшін» Машингереев Қанағат марапатталды.

            Сонымен қатар  "Орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы" қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің құрмет грамотасымен Ахметжанов Сүйіндік Бердешұлы, Баймаканов Ерлан, Акимбеков Бекзат, Айдарханова Зәуреш, Медов Хамзат, Кадырова Бақытжан, Машингереев Қанағат, Молдашбеков Қуаныш және Кожанов Қуатқали марапатталады.

            «Павлодар облысының орман және жануарлар әлемі, табиғатты қорғау салалары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен Жаминов Қайролла, Жуманов Марс, Лозбин Михаил, Герлиц Виктор, Пашко Галина, Шекебаев Нұрлан, Сапаров Бауыржан, Азнабай Сұлтан, Шугаипов Сағат марапатталады.

            Баянауыл мемлекеттік ұлттық парк директорының алғыс хатымен, бағалы сыйлықтарына Ахметжанов Сүйіндік Бердешович, Күншуаков Қуандық, Нұрша Болатбек, Желкобаев Серік, Уразалиева Перизат, Мадин Қуанбек, Оспанов Алибек, Абылқасов Серік, Сансызбаев Ержан, Ынтықбаев Сайлау, Аймхан Есенбек, Ақботин Айбек, Ермекбаев Құрмаш, Айханов Мереке, Жусупов Жандос, Лозбин Игорь, Пашко Игорь, Окасов Хабиболла ие болды.

            Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк директорының алғыс хатымен Ибраева Жанар, Жуманов Марс, Курманов Алтынбек, Жетписбаев Бірлік, Апсаликов Серік Кәрібжанұлы, Есмакаева Зәуреш, Шекеева Айгүл, Шакпакбаев Жанарбек, Морозов Сергей марапатталады.

Баянауыл аудандық маслихаттың құрмет грамотасымен Ахметжанов Сүйіндік Бердешович, Солтаналин Ислям, Киндиров Еламан, Шайкенов Ғалым, Абдуев Ринат, Сұнқарбеков Сағадат, Пашко Галина, Бердалинов Мерей марапатталады.

            Баянауыл ауданы әкімінің құрмет грамотасымен Нұрша Болатбек, Даулеткалиева Айдана, Еркенов Сағадат, Герлиц Виктор марапатталады.

            Баянауыл ауданы әкімінің алғыс хатымен Сапаров Бауыржан, Баймаканов Ерлан, Акимбеков Бекзат, Даулеткалиев Абай, Айдарханова Зәуреш, Мергалиев Бейбут марапатталады.

            2014 жылдан бастап дәстүрге айналған Еңбек династияларын құттықтау рәсімі де өтті. Жыл сайын атап өтілетін Еңбек әулеті орман шаруашылығы саласында Айнагуловтар, Солтаналиндер, Темировтер, Имановтар тағы басқа әулеттерімен мақтан етеді. Олардың осы өнегесі кәсіптік отбасылық мұра етуге, жастар арасында еңбекке құрмет, мамандыққа деген мақтаныш сезіліп тәрбиелеуге ықпал етеді. Биыл да осы дәстүр жалғасып, құрмет грамоталарымен  және бағалы сыйлықтармен Құсаиновтар еңбек әулеті - еңбек өтілімі 79 жыл, Турбало еңбек әулеті - еңбек өтілімі 43 жыл және еңбек өтілімі 35 жыл Рахметовтар еңбек әулеті марапатталды.

Баянауыл ішкі саясат бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы