Введите ваш запрос для начала поиска.

"Баянауыл - киелі мекен"

Жарияланған: 06.12.2018


Елбасы Н.Ә .Назарбаевтың "Болашаққа бағдар" "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Шадыра мектеп - балабақша оқу- тәрбие кешенінде мектеп кітапханашысы  Сыздыкова Бақытжамал Ағзапқызы мен ауыл кітапханашысы Жақсыбаева Данаш Санатканқызының ұйымдастыруымен  "Баянауыл - киелі мекен" атты танымдық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты: Қасиет, кие дарыған Баянауыл өңірінің тарихын өскелең ұрпаққа таныстырып, туған жердің қасиетті тұлғалары мен киелі орындарын қастерлей білуге баулу.  Шара барасында жерлес ақын жазушыларымыздың  кітаптарымен  таныстырып,  кітап көрмесіне шолу жасалды. 

Оқушылар Баянауылдың қасиетті де  киелі жерлерін бар ықыласпен тамсана қарап ,  көкейде  жүрген  қызықты  сұрақтарына жауап  алды.   Атап айтар болсақ 6 - сынып оқушылары Арыслан Қадыржан  және Шегенен жергілікті ақын Рақым Әбдіраштың " Баян даңқын асырған " атты өлеңін  керемет оқып берді.  Алдағы уақыттарда  жұмыстарыңызға  сәттілік тілейміз.  Алар  асуларыңыз ,бағындырар белестеріңіз  көп болсын.

               Жас тілші Қали Роза

            Кіапханашы Жақсыбаева Данаш

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы