• Меню » Жаңалықтар » Баянауыл ауылындағы «Рәміздер алаңында» «Нұрланған Елордам» атты мерекелік концерт өтті.

Баянауыл ауылындағы «Рәміздер алаңында» «Нұрланған Елордам» атты мерекелік концерт өтті.

Жарияланған уақыты: 07.07.2019


Салтанатты шара Баянауыл өнерпаздарының, аудандық «Әнім сенсің – астанам!» ән байқауы жеңімпаздарының және республикалық фестивальдердің лауреаттары «Баян сұлу» үлгілі би ұжымының қатысуымен ұйымдастырылды.

Мерекелік концерт барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Сарбасов жиналған қауымды құттықтай келе, Алматы қаласында өткен халықаралық «Күншуақ» фестивалінде бірінші орын алған «Баян сұлу» үлгілі би ұжымының ортаншы тобы мен Бас жүлдеге ие болған кіші топты марапаттады.

«Бұл жеңісте ата-аналар мен би ұжымының жетекшісі Көкенай Айтмаханованың үлесі зор», - деді Қайрат Қайырұлы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы