• Меню » Жаңалықтар » Баянауыл ауылында медиация күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Баянауыл ауылында медиация күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Жарияланған: 03.08.2018


Медиация күнін қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында «Нұр Отан» партиясы, этномәдени бірлестіктер мен жастар бастамалары, соттар, прокуратура, әділет, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, ардагерлер кеңестері өкілдерінің, кәсіби және кәсіби емес қоғамдық медиаторлардың қатысуымен «Бірыңғай республикалық медиация күні» өтуде.

Қазақстан Республикасындағы медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар ҚР «Медиация туралы» Заңымен реттеледі, Заң 2011 жылғы 5-ші тамызда күшіне енді. Бірнеше жыл тәжірибесі аталмыш күнге «Медиация күні» мәртебесін бекітті.

Осыған орай Баянауыл ауданы көлемінде, ауылдық округтерде жергілікті медиаторлардың, ақсақалдар кеңесінің және әкімшіліктің қатысуымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылуда.

02-ші тамыз күні Баянауыл аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалында «Бірыңғай республикалық медиация күні» акциясы аясындағы ақпараттық іс-шара – ашық есік күні өтті.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының төрағалық етуімен өткен іс шара Баянауыл ауылдық ардагерлер кеңеснің төрағасының, «Нұр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымының және  Аудандық «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы, Аудандық сот,  Жергілікті полиция қызметі, Аудандық емхана, Баянауыл аудандық әділет басқармасы, Білім бөлімі, «Баянтау» газеті редакциясының, «Имандылық» орталығы, «Жастар» орталығының қызметкерлерінің және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүзеге асты. Шара барысында медиация ұғымы,  медиацияны ұйымдастыру саласындағы ҚР «Медиация туралы» Заңы, медиацияның қолданылу аясы тақырыбында тұрғындарға ақпарат беріліп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік маңызды мәселелерді реттеуде  тұрақтылық пен бітімгерлік кепілі болып табылатын медиация түсінігі отбасылық дауларда, еңбек дауларында, корпоративтік дауларда, коммерциялық дауларда,  мектептегі шиеленістерде, жәбiрленушi мен құқық бұзушы арасындағы қылмыстық дауда, мәдениетаралық және дінаралық дауларда және басқа да салаларда адамдармен қарым-қатынасын сақтай отырып, жанжалдар мен дауларды шешуге көмектеседі. Қазақ қоғамындағы медиацияның прототипі би билігі болып табылатынын еліміздегі  медиация институтын дамыту азаматтар үшін де мен мемлекет үшін де өте маңызы жоғары.

Баянауыл аудандық ішкі саясат бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы