Баянауыл ауданының әкімінің шыршасы

Жарияланған: 27.12.2018


        2018 жылғы 26 желтоқсан күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында инклюзивті білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары қатысты.

       Ауданымыздың белгілі кәсіпкерлері М.Т.Науразбаев, А.А.Бельгубаев, А.Т.Агимбеков, А.Г.Сарбасов, С.М.Магмуров, А.А.Балтабаев демеушілік жасады. Балаларға музыкалық гарнитуралар, музыкалық динамикалар, караоке микрофондар, ықшам акустикалық жүйелер, ұялы байланыс желісінің батареялары, көп функционалды магниттік сызба тақтасы, 3 қабатты сиқырлы кубик-рубиктер, тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар үлестірді.

       «Осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын. Жаңа жыл түні Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, ой-мақсаттарды жүзеге асыратын, арман-үміттерін ақталатын жыл болсын»,-деді аудан әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов.

М.Т.Шумақова

білім бөлімінің әдіскері

                   

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы