• Меню » Жаңалықтар » Баянауыл ауданында халықтың сұранысы бойынша күніне 1050 маска тігілуде.

Баянауыл ауданында халықтың сұранысы бойынша күніне 1050 маска тігілуде.

Жарияланған: 26.03.2020


Бүгінгі күні вирустан қорғанудың бірден-бір құралы болып отырған, халықтың сұранысына айналған маскалар Баянауыл ауданы бойынша жеткілікті. Бағасы 100 теңгеден 250 теңгеге дейін, матаның сапасына қарай өте тиімді және көп реттік, үтіктеп қайта қолдануға болатын маскалар сатылуда.

Мысалға, Майқайың кентінің тұрғыны Қиса Алтынгүл күніне 70 масқа тігуде.

Алтынгүл ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, жеке бөлме жалдып, өз ісін дөңгелетіп отыр.

Жалпы, қазақша үлгідегі қыз жасауын, құрақ көрпе, қазақша үлгідегі киімдер тігумен айналысады.

Алтынгүлдің айтуынша, елімізде орын алған жағдайға байланысты халыққа көмектесіп, аурудың алдын алу үшін маскалар тігуді қолға алып, маскаға тапсырыс көбейген, күніне 70 шақты маска тігуде. Өзі жалғыз үлгермей жатқанына байланысты, көмекші алған.

«Маскалардың бағасы 100 тг, екі қабат мақта матадан тігеміз. Маскалар көп реттік, жуып, үтіктеп қайта қолдануға болады. Қазіргі уақытта бар қаражатымды қажетті матаға салып жатырмын. Елдің қажетін шешіп, кішкене болса да өз көмегімді тигісем»- дейді Алтынүгл.

Алтынгүл «Бастау» бағдарламасы арқылы оқып, құжаттарын тапсырған. Алдағы уақытта несие алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлауда.

Сонымен қатар, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, мүгедек балалары бар отбасыларға «Қайырымдылық акциясы» аясында тегін тігіп, қол үшын беріп жатқандар баршылық.

Атап айтсақ, Баянауыл ауданының №2 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Мұрсалова Шынар Ілдебаейқызы бастаған бір топ мектеп ұстаздары «Біз біргеміз» қайырымдылық челленджін ұйымдастырып, қоғамға барынша көмек қолдарын созуда. Шынар Ілдебайқызының айтуынша мектептің техникалық қызметкерлеріне тегін тігіп өзі бастаған. Кейін басқа ұстаздар да тігіп, мектептің аз қамтамасыз етілген, көп балалалы отбасыларына күніне 20 маскадан тігіп, тегін таратуда. Мұндай акция З.Акышев мектебінде және Торайғыр, Бірлік, Ұзынбұлақ ауылдық окрутерінде де жалғасын тауып, еріктілер мұқтаж жандарға көмектесуде. 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы