Баянауыл ауданында «Қайырымдылық акциясы» өткізілуде

Жарияланған: 26.03.2020


Баянауыл ауданы бойынша барлық ауылдық округтерге «ӘКК Павлодар» акционерлік қоғамынан төмен бағада азық- түлік тауарларын жеткізу ұйымдастырылды. Халықтың сұранысы бойынша 50 тонна әлеуметтік маңызы бар азық- түліктер: ұн, күріш, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, картоп, сәбіз, жұмыртқа жеткізілді.

Майқайың кентінің тұрғыны, «Гравелит» ЖШС-ның бас директоры Кабдулов Тимур Орынжанұлы 30 тонна картоп пен 8,5 тонна сәбізді төмен бағамен жеткізді. Картоп 50 тг, сәбіз 70 тг бағамен сатылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады.

«Қайырымдылық акциясы» аясында тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына 17 отбасыға азық-түлікпен және 188 мың теңге (азық-түлік алу үшін)  ақшалай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Майқайың кентінде 74, Баянауыл ауылында 29 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді.

Осындай жұмыстар Ұзынбұлақ, Жаңатілек, Қаратомар және Күркелі ауылдық округтерінде жалғасып, еріктілер, шаруа қожалықтары бірлесіп, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге азық-түлік жиынтықтарын әперді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы