Баянауыл ауданы өз қарлығаштарымен қоштасты

Жарияланған: 13.06.2019


        2019 жылғы 12 маусым Баянауыл аудандағы 17 жалпы орта білім беру мектептерінде «Сәт сапар, жас түлек! » атты түлектер кеші өтті. Бұл күн – мектеп, аудан тарихында, түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Аудан мектептеріндегі түлектер кешіне аудан әкімі, мәслихат хатшысы, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ардагер ұстаздар, құрметті азаматтар мен қонақтар, ата-аналар қатысты.

      Биылғы жылы өңірімізден 222 мектеп бітіруші түлек үлкен өмірге қанаттанып отыр. 8 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері бар. Сонымен бірге,  2018-2019 оқу жылында Республикалық, облыстық деңгейдегі білім және спорт сайыстарындағы жетістіктері үшін мадақтамамен 16  түлек марапатталды. Ауданымыздың абыройын биіктетіп, мерейін өсірген білімді ұл-қыздарымызды және олардың ұстаздарын тамаша табыстары.

       Кешіміздің ресми бөлімі аяқталғаннан кейін, түлектерге арналған мерекелік дастарқаннан дәм татып, әсем би кешін қабыл алды.

       Кешіміздің жақсы өтуіне ат салысқан барлық мектеп басшылары мен ұстаздарға ата-аналар мен оқушылар атынан алғыс айтамыз. Баянауыл ауданынан түлеп ұшқан қарлығаштарға сәт-сапар, ақ жол тілейміз!

 

М.Т.Шумақова,

білім бөлімнің әдіскері

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы