Баян елінің мереке күніне алған жетістіктері

Жарияланған: 07.10.2019


М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Павлодар облысының білім беру басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысының «ЖасҰлан» бірыңғай балалар мен жас өспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі слеттің ұйымдастырушылары.

Слетке «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарынан аудандық және қалалық конкурстардың 11-17 жас аралығындағы 20 жеңімпаздары қатысты. «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» атты презентациялар байқауында оқушылар театрландырылған қойылымдар арқылы өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете білді.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбында үгіт бригадалар конкурсында командалар толық көлемде қатысып, өз үй жұмысын көрсетіп-ар, намыс, абырой, жауапкершілік және әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды тәрбиелеуге, оның шығармашылық әлеуетін ашуға арналған «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы жайлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» шығармашылық әлеуетін ашатын музыкалық бағдарлама ұсынды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациялар байқауында Баянауыл ауданындағы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының, «Адалдық сақшылары» командасы 1 орынды иеленді.

«Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» бейнероликтер байқауында «Адалдық сақшылары» командасы 2 орынды жеңіп алды.

2019 жылғы 4 қазан күні Естай атындағы мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауовтың қатысуымен «Мұғалімдер күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара аясында  «Жыл мұғалімі - 2019» облыстық байқауында ІІІ орын жеңімпазы атанған Баянауыл ауданының №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   Дархан Маратұлы Жұмабаев пен «Жыл тәрбиешісі-2019» облыстық байқауында        II  орын жеңімпазы атанған Майқайың кентіндегі бөбектер бақшасының тәрбиешісі  Ментай  Қуанышқызы Қасенова, «Педагог- зерттеуші» номинациясы бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің директоры Самал Сақтасынқызы Мәжитова марапатталды.

Мәншүк Тынысқызы Шумақова,

Баянауыл аудандық білім бөлімнің әдіскері.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы