«Балдәурен»лагері керемет!

Жарияланған: 30.07.2019


Ауданымызда балалардың демалысының жақсы өтуіне барлық жағдай жасалған, олай дейтінім, мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьлердің жаз айларында балалардың бос уақытының тиімді өтуі қуантады. Сонымен қатар, Торайғыр ауылында ұйымдастырылған «Балдәурен»жазғы сауықтыру лагері жайлы айтпақпын.

Менің балам Зейтін Ақышев мектебінің 7-сыныбында оқиды. Балам биыл осы аталмыш лагерьдің 3-маусымында демалып келді. Лагерьде табиғат аясында көптеген мәдени шаралар, сондай-ақ спорттық сайыстар өткізілген.

Баянауылдың қасиетті жерлерінде болып, атақты адамдар жайлы көптеген мәлімет алған. Балам әр күннің қызыққа толы, ұмытылмас сәттері көп болғанын айтып, келесі жылы да осы лагерьде демалатынын айтты. Лагерьден балам өте көтеріңкі көңіл-күймен келді.

Әр анаға баласының жадыраңқы жүзін көру бақыт, осы лагерьді ұйымдастырған Аудандық білім бөліміне алғысым шексіз!

 

Токибаева Рымгуль Сарсенбайқызы

Көп балалы ана

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы