Введите ваш запрос для начала поиска.

Балалық шақ – мейірімділік мекені

Жарияланған: 30.11.2018


Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны аясында балаларға қатыгездікпен қарау  мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында апталық мазмұнды іс-шаралар өткізілді.

Балаларға қамқорлық жасау, олардың жеке тұлға ретіндегі құндылықтарын құрметтеу-әрбір саналы ересек адамның міндеті. Шара барысында оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріліп, қатыгездік адам бойындағы ең жаман қасиет екендігін айтылып,оқушыларға бала құқықтары туралы заңды құжаттар таныстырылып, талқыланды.

«Қатыгездік деген ұғымды қалай түсінесің?»  деген сұраққа жауап іздеуде оқушылар өмірде орын алып жатқан жайттарды ескере отырып, көрініс қою және плакаттарға сурет салу арқылы  тақырыпты аша түсті.  Мәселен баланың ата-анаға деген қатыгездігі  салдарынан қарттар үйі санының артуы, опасыздық, сатқындық, бопсалау, мейрімді жоғалту сияқты қатыгездіктің түрлерін сипаттап берді. Танымдық сабақтың  ортасында мектебіміздің педагог-психологы Ермек Қабылдақызы оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында "жүректен жүрекке" тренингін жүргізді.

Шара соңында оқушылар адамды ешқашан қаталдықпен тәрбиелеу арқылы жақсы жетістікке жете алмайтындығын, қатыгездік баланың жүрегіне өшпенділік сезімін тудыруы мүмкін екендігін, әрбалаөзотбасында бақытты өмірсүругеқұқылы деген қортындыға келді.

Жас тілші

Қали Роза

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы