Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » Балалар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдарының Облыстық ІХ Құрылтайы өтті

Балалар бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдарының Облыстық ІХ Құрылтайы өтті

Жарияланған: 19.11.2018


2018 жылдың 17-18 қараша күндері Павлодар ауданы, Мичурин ауылы, «Балдаурен» сауықтыру орталығында «Жас Ұлан» облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының «Болашақ біздің қолымызда!» атты ІХ облыстық құрылтайы өтті.

Құрылтайға Павлодар облысы бойынша барлық аймақтардан келді. Баянауыл ауданынан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының аға тәлімгері А.К.Жусупбаева және С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері А.Сайлау, 8-9 сынып оқушылары: Жақыбай Ерасыл, Ахмет Ержігіт, Қаппас Фариза, Омар Бекжан, Қазес Аида, Жуматова Нурилла, Төкен Диас, Әндар Еркежан, Ыбырай Ельназар, Жасқайрат Ақмарал, Халиолла Ақниет қатысты.

Облыстық штаб Павлодар облысы мектептерінің аға тәлімгерлеріне, оқушыларға әдістемелік көмек көрсетті. Жоспарланған жобалар мен іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыра отырып, облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымының штабы 2018-2020 жылдарға арналған «Жас Ұланмен бірге» БЖҰ дамыту мақсатты бағдарламасының көмегімен қызметтің жаңа деңгейіне шығуға ұсыныс жасады.

Облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының 2016-2018 жылдардағы жұмыс қорытындыларын талқылай отырып, ІХ облыстық балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымдарының делегеттары шешім қабылдады.

 

 

 

Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат

директорының тәрбие жөніндегі орынбасары

 Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы