Балабақшада «Лего құрастыру» кабинеті ашылды

Жарияланған: 04.03.2020


2020 жылғы 4 наурыз күні Баянауыл  ауылының бөбектер бақшасындағы тәрбиеленушілерге арналған «Лего құрастыру» кабинетінің ашылу рәсімі болды. 

Кабинеттің  ашылу салтанатына   Баянауыл ауылының әкімі Руслан Рахметоллаұлы Мұқышев, Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Мереке Талқайратұлы Әбдікәрімов, ардагер ұстаздар, білім бөлімінің мамандары, балабақша ұжымы, тәрбиеленушілері және баспасөз өкілдері қатысты. Шара қонақтары жылы лебіздерін білдіріп,  ардагер ұстаздар балаларға батасын берді. Сонымен қатар, ересек тобының ата-анасы кабинетке  елу мың теңге  көлемінде  қаржылай демеушілік көмек көрсетті.

«Лего құрастыру» кабинеті заманауи үлгіде жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Лего» ойыншықтарымен толықтырылды. Іс-шара барысында балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.

Гүлжанар Кабдыкәкімқызы Кәрімова,

Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскері.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы