• Меню » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты ІІІ аудандық өнер фестивалі туралы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты ІІІ аудандық өнер фестивалі туралы

Жарияланған: 21.12.2018


2018 жылғы  қараша-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы және Астананың 20 жылдығы аясында С.Торайғыров атындағы Баянауыл аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің    ұйымдастыруымен   «Бір  шаңырақ  астында»   атты  ІІІ аудандық  ұжымдар арасындағы өнер фестивалі өткізіліп, оған аудандық балабақша, аудандық аурухана және емхана қызметкерлері, З.Ақышев орта мектебі, Баянауыл №2 мектеп ұжымы, Баянауыл аграрлық-техникалық колледж бен Баянауыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметкерлері және Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат ұжымы өнерлерін ортаға салды.

Қаншама дарынды өнерпаздар мен таланттар байқалған аталмыш фестивальдің  қорытынды марапаттау кезеңі мен гала концерті 14-ші желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде өткізілді.

Аталмыш фестивальде алты ұжым өзара бәсекеге түсіп, ауданымыздың өнер саласына өз үлестерін қосқаны үшін Баянауыл ауданының әкімі О.Ә.Қайыргелдиновтың атынан Дипломдар мен Алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар тапсырылып, төмендегідей номинациялар берілді:

- «Өресі биік өнер ұжымы» номинациясы - Ш.Айманов атындағы мектеп - интернаты ұжымына;

- «Жұлдызы жарқыраған ұжым » номинациясы  Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі ұжымына;

- «Сегіз қырлы бір сырлы» номинациясы Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі ұжымына;

- «Көрермен көзайымы» номинациясы Баянауыл ауданының аурухана және емхана ұжымына;

- «Бірлігі жарасқан ұжым» номинациясы №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебі ұжымына;

- «Жалынды өнерпаздар» номинациясы Баянауыл ауданы балабақша ұжымына берілді. 

         Сонымен қатар, ІII аудандық фестивальге  жоғары деңгейде белсене қатысып, ерекше өнерімен көзге түскен төмендегі қатысушылар мен қолөнершілер  де  аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды :

- З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі ұжымынан: Жетпіс Оспанов, Меруерт Бакенова; «Әжелер ансамблі», «Жас екпін» шығармасы, «Ұлттардың сәлемдесуі», «Бишілер» тобы;

- Балабақша ұжымынан: Ляззат Мукаева, Баянгүл Қырықбаева, «Желтоқсан оқиғасы» көрінісі, «вокалды ансамбль» тобы;

-    Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты ұжымынан

     «Жігіттер»вокалдық тобы,       «Достық» биі, «Әдеби монтаж»,  Көркем

     Мардан, технология бірлестігі;

- Емхана және аурухана ұжымынан: аудандық аурухана және емхана бишілері, Нұрсұлтан Бірлік, «Астанам махаббатым менің» дуэті, «Атамекен» әні вокалдық тобы;

- № 2 жалпы орта білім беру мектебі ұжымынан: «Славян орталығы», Сәтбай Әлия, «Ұйғыр биі», «Жалын» тобы;

- Колледж және педагогикалық психологиялық түзету кабинетінен : вокалды инструментальды ансамбль, «Астананың құрылуы» көрінісі, «Педагогика психология түзету кабинетінің ұжымы», Ернұр Жакенов.   

Марапаттау рәсімінен соң жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  27 жылдығы  және Астананың 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» атты ІІІ аудандық  өнер фестивалі осылайша қорытындыланды. Аталмыш іс-шараға 400-ден астам көрермен қатысты, барлығы да әділ қазылардың өнерпаздарды әділ бағалай білгеніне риза болып, мәдениет үйінің өнерпаздарына алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

 

 

С.Торайғыров атындағы Баянауыл

      аудандық мәдениет үйінің

       шығармашылық әдіскері :                Ғалия Нұртазақызы Сунатуллаева

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы