Ауыл жаңалықтары.

Жарияланған: 03.06.2019


Мамыр айының 30 жұлдызында Баянауыл ауылында З.Ақышев атындағы ЖОББМ-де, Ж.Аймауытов ауылының тумасы Абдуллин Мирлан Манайұлын еске алуға арналған волейбол спорт түрінен 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында аудандық турнир өткізілді.

 Жалпы жарысқа Қызылтау  ауылдық округі Ж.Аймауытов командасы, Бірлік, Торайғыр, Құндыкөл, Жанажол және Баянауыл №2 ЖОББМ  командалары қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру мақсатында өткізілген жарысты тамашалауға  спорт сүйер қауым көптеп жиналды.

Осы бір тартысты бәсекеде бірінші орын тұғырынан Ж.Аймауытов спортшылары көрінсе, Құндыкөл командасы ІІ орынды иеленді. ІІІ орынды Баянауыл №2 ЖОББМ спортшылары жеңіп алды.

Ұйымдастарушы Елубаев Бауыржан жүлдегерлерді құттықтап, оларға медаль,  арнайы мадақтамалар және бас жүлде иеленген командаға арнайы кубок табыс етілді.

Осы орайда аталмыш шараны ұйымдастырып, оның сәтті өтуіне демеушілік көрсеткен Ризанов Дамирге және ауыл тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз.

 

Қызылтау ауылдық округі

әкім аппаратының әдіскер маманы                                            Ә. Букеева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы