«Қауіпсіз интернет»

Жарияланған: 12.04.2019


4 сәуір күні Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының тұжырымдамасы  бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізілді.

Мақсаты: кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың и нтернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру.

Мектебіміздің  2-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар» тақырыптары аясында жалпы мектептік линейка ұйымдастырылып, сынып сағаттары өткізілді. «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы», «Интернет менің өмірімде», тақырыптарында оқушылар суреттер, плакаттар салып байқау ұйымдастырылды.

 

Информатика пәні мұғалімі

Мыкраева А.М.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы