Қауіпсіз интернет – қауіпсіз қоғам

Жарияланған: 11.04.2019


4 сәуірден бастап  ата-аналарға, балаларға қауіп тудырмайтын ғаламтор жөнінде ақпарат тарату мақсатында «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқан ұйымдастырылуда.

Науқанның басты мақсаты – кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерді ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату.

Осыған орай, Зейтін Ақышев атындағы ЖББО  мектебінде осы науқанға байланысты жоспар құрылып,  барлық шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылды . Оқушылар жиынында «Желідегі қарым – қатынас этикасы» жайлы мәлімет берілді. 1 – 11 сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен   «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Интернет және біз», «Пайдалы және қауіпсіз интернет»,  тақырыптарына тәрбие сағаттары өтті.  Науқан барысында дөңгелек үстелдер «Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері», баяндама, дебат балаларға арналған шығармашылық байқаулар, сурет сайыстары, шығармалар жарысы болды.

Аталған онкүндіктің өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылуда және өз нәтижелерін көрсете білді.

Информатика пәнінің мұғалімі:     Г.Б.Жангельдина

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы