Введите ваш запрос для начала поиска.

  • Меню » Жаңалықтар » Ауданымыздағы мектеп кітапханалары тағы бір кітаппен толықты

Ауданымыздағы мектеп кітапханалары тағы бір кітаппен толықты

Жарияланған: 20.11.2018


Ауданымыздағы мектеп  кітапханаларына жас ақынымыз Еламан Қабділәшім жеке кітап қорын тарту етті.

«Кітап – жан азығымыз, байлығымыз. Бұл кітапханаларға менің «Өмірқос» атты жыр жинағым қойылды. Үйде жеке кітапханамның оқырмандары ата-анам, іні-қарындастарым еді. Енді кітапханаларда кітаптарым көпшілікке қолжетімді болмақ»-дейді жас ақынымыз.

Баянауыл  ауданындағы жалпы орта мектептерде «Рухани жаңғыру – табысты ел болудың кепілі» атты ашық есік күндері өтіп жатыр. Осыған «Туған мектепке тағзым», «Мектепке кітап сыйлайық» акциялары нәтижесінде мектеп кітапханаларына 30-ға жуық кітап тарту етілді.

Оқушыларымыз осы жыр жинақтан өздеріне қажетті мол тағылым,рухани күш-жігер алады деп сенеміз.

Алдағы уақытта кітапхана қоры тағы да толықтырылмақ.

 

М.Т.Шумақова

білім бөлімінің әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы