Аудандық шахмат турнирінің мәресі

Жарияланған: 25.09.2019


2019 жылғы  24 қыркүйек күні Павлодар облысы әкімінің кубогы үшін 8,12,16 жасқа дейінгі  аудандық оқушылар арасында жедел шахматтан  турнир өтті. Турнирге аудан бойынша 22 мектептен 8 жастағы ұл балалар саны-8, қыз балалар саны-5, 12 жастағы ұл балалар саны-29, қыз балалар саны-28,16 жастағы ұл балалар саны-30, қыз балалар саны-28. Барлығы-128 оқушы қатысты. Мақсаты: оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және шахмат ойынына деген қызығушылықтарын арттыра отырып, үздік жас спортшыларды анықтау.

Турнирдің қорытындысы бойынша 8 жас ұлдар арасындаІ орынды Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Айбар Мұрат,  ІІ орынды Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Мансұр Ғабдулғазиз,ІІІорынды З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Жәнібек Әбіл,8 жас қыздар арасында І орынды Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушысы Раяна Шаймардан жеңіп алды.

12 жас ұлдар арасындаІ орынды Жайма жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Әлібек Райымбек, ІІ орынды №1 Майқайың  жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Әлібек Болат,ІІІ орынды Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушысы Жүсіпәлі Шаймардан,12 жас қыздар арасында І орынды З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Данеля Олжабай, ІІ орынды Сұлужон  жалпы орта білім беру мектебінің оқушысыАружан Бөкенова,ІІІорынды Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Зере Мұратова иеленді.

16 жас ұлдар арасында І орынды Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп- интернатының оқушысы Болат Кашкеев, ІІ орынды З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Жарқын Әбіл, ІІІ орынды Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу -тәрбие кешенінің оқушысы Санжар  Әбдікен, 16 жас қыздар арасындаІ орындыЗ.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Ділнәз Қабдолла,  ІІ орындыШ.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушысы Құралай Білімханқызы, ІІІ орынды №2 Майқайың  жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Жанеля Кенжебекова ие болды.

Аудандық турнирде І орынды иеленген Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Айбар Мұрат, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 3-сынып оқушысы Раяна Шаймардан, Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 7-сынып оқушысы Әлібек Райымбек, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Данеля Олжабай, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Болат Кашкеев,З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ділнәз Қабдолла облыстық турнирде Баянауыл ауданының намысын қорғайды.

Салауатты өмір салтын насихаттаушы спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Әрдайым толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне беріңіздер демекпіз!

 

Аслан Бүркітұлы Омаров,

білім бөлімінің әдіскері.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы