• Меню » Жаңалықтар » Аудандық мониторингтік топ балалар лагерлеріне бақылау жүргізілді

Аудандық мониторингтік топ балалар лагерлеріне бақылау жүргізілді

Жарияланған: 12.07.2019


2019 жылғы жазғы маусымда балаларды сауықтыру мекемелерінде балаларды сауықтырудағы ведомствоаралық арақатынастағы мониторингі аясында аудандық мониторингтік топ Баянауыл, Торайғыр және Жасыбай демалыс аймағындағы балалар лагерлеріне бақылау жасады.

Топ құрамында «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, білім бөлімінің, аудандық мәслихаттың, аурухананың және төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары бар.

Сауықтыру шараларын ұйымдастыру және жаз маусымында балалардың сауықтыру мекемелерінде жүргізілген сауықтыру тиімділігін бағалау, балалардың жазғы демалыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық «Жас дәурен» оқыту-сауықтыру лагері, «Балдәурен» лагері тексерілді. Ендігі кезекте «Қарлығаш» және «Орленок» демалыс үйлеріне бақылау жасалады.

Бақылау барысында асханалардағы, ас дайындау орындарындағы, жатын орындарындағы, демалыс және жуыну бөлмелдеріндегі, дәретханалардағы тазалық қадағаланды. Ауыз су сапасы тексерілді. Ас мәзіріне көңіл бөлінді. Сонымен бірге, суға шомылу орындарындағы қауіпсіздікке баса назар аударылды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы