Ауданда "Жастар кеңесі" құрылды

Жарияланған: 07.02.2020


Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны.

Бүгінгі жас болашақ еліміздің жанды бейнесі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында шабысы қатты тұлпардай жүйткіген жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Қазақстан қоғамының жемісті дамуындағы маңызды шарттың бірі еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне жастардың белсенді қатысуы болып табылады.

Бүгін халық пен билік арасын жақын байланыстыру, бірігіп жұмыс жасау мақсатында аудан әкімі Каримов Қанат Сәрсенұлының қолдауымен Баянауыл ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес құрылды. Аудан бойынша кеңестің мүшелері, белсенді жастар, Майқайың кенті және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскерлері құрамы болып табылды. Кеңестің төрағасы «Баянтау» газетінің бас редакторы Қабділәшім Еламан Хасенұлын жастар бірауыздан сайлады.

Жастар саясатының мақсаты жастарды қоғаммен тығыз байланыстыру, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге арналған жағдайларын жасау, әлеуметтік-маңызды бастамаларын жүзеге асыру, қоғамның әлеуметті белсенді азаматы ретінде тәрбиелеу. Осы форматты-жастармен диалогты алаң ретінде жалғастыратын болады.

Аудан әкімі өө сөзін «Биылғы жылы біздерді қызықты жобалармен, жасампаз ойлармен қуантып, жастар биік белестерден көрінетіндігіне сенемін» деп кеңесті қорытындылады.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы