Аудан спортшылары жарыстан жүлдемен оралды

Жарияланған: 06.08.2018


2018 жылдың 3-5 тамыз аралығында Павлодар қаласында Ертіс жағалауында «Ұлы Дала Елі» атты этнофестивалі өтті. Этнофестиваль аясында спорттың ұлттық және халықтық түрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылып өткізілді. Аудан спортшылары жарыстан жүлдемен оралды. Атап айтсақ, қазақ күресінен түйе палуан сайысында Майқайыңдық Дәлелханұлы Мұхтар бас жүлдеге ие болды. Жүлдесі 300000 теңге көлемінде ақшалай сый. Сондай-ақ, асық ату спорт түрінен Талипов Зейнолла 3-орынға ие болды.

Баянауыл ауданының дене тәрбиесі,

                                  спорт және туризм

бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы