• Меню » Жаңалықтар » Аудан орталығында «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті

Аудан орталығында «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті

Жарияланған уақыты: 08.03.2019


7 наурыз күні  С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік іс-шара өтті. 
Аудан әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов салтанатты кешке жиналған аяулы аналарымызды мерейлі мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Сонымен қатар мерекелік концертте аудан әкімі Сәтбаев ауылдық округінің тұрғыны Ақбет Қалышбековаға «Алтын алқа» және  Күркелі ауылдық округінен Қырмызы Керімханова мен Майқайың кентінің тұрғыны Жайнагүл Жаманкүлге «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыстады. Шара барысында  Сәтбаев ауылдық округі «Беріктас» ШҚ  басшысы Қазбекова  Гүлсім Нұрбапақызы,  Баянауыл ауданы Майқайың кентінің  дәрігерлік амбулаториясының педиаторы Кропачева Марина Федоровна,  Баянауыл ауданының Бірлік ауылдық округі Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің шаруашылық меңгерушісі Серкебаева Айнагүл Серікқызы Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауовтың алғыс хатымен және қызметінде үлгілі еңбегімен ерекшеленген елуге жуық баянауылдық  нәзік жандылар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Бұдан әрі аудан әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдиновтың атынан мерекелік жиынға келген ақ жаулықты әжелер мен ардақты аналар қауымына сыйлық таратылып, салтанатты жиын аудандық «Баян сұлу» үлгілі би ұжымы, «Беу, жігіттер» халық ансамблі, «Баян әуендері» халық ансамблі, Дәстүрлі әндер байқауының лауреаты Самал Жакупова, Жаяу Мұса атындағы балалар өнер  мектебінің және басқа да аудан өнерпаздарының  ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.  

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы