Введите ваш запрос для начала поиска.

«Қатыгезсіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Жарияланған: 18.11.2018


Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.

         Қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қатыгездікті төзбеушілік қарым-таныстарын қалыптастыру мақсатында арнай жоспар құрылып,  жоспар бойынша 17-қараша күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында әлеуметтік педагог Д.Ш.Бектурганова және 8-сынып жетекшілері Ғ.Т.Сакенова, А.А.Абишеваның ұйымдастырумен «Қатыгезсіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында кездесу сабақ,  қоғамның назарын балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару, қатыгездікті төзбеушілік қарым-қатынастарын қалыптастыру мақсатында өтті.  Кездесуге АІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Нығмет Дидар Қайроллаұлының қатысуымен кездесу өткізіп, олардың қойған сауалдарына тұшымды жауаптер беріп, дәріс оқыды.

           Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».

 

Ш.Айманов атындағы жалпы орта

 білім беру мектеп-интернатының

директордың тәрбие ісін жөніндегі орынбасары

Саликова Елмира Мергенбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы