«Ата-аналармен бірге оқимыз» ақциясы

Жарияланған: 02.11.2018


Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебінде күзгі демалыс уақытында  1 қараша күні мектеп кітапханасында  «Бірге оқимыз» акциясы мектеп кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетованың ұйымдастырылуымен өткізілді.

Акцияның мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 кітап оқимыз» акциясын іске асыру болып табылды. Ата-аналарды, ұстаздар мен оқушыларды «100 кітап» тізімімен таныстырып, кітап оқуды насихаттау. Оқушыларға «100 кітап»оқып шығу азаматтық борыш екендігін сезіндіру. Елінің тарихын, әдебиетін, рухани құндылықтарын білетін азамат етіп тәрбиелеу. Шараға қатысып отырған ата-анамыздың бірі  Шайкенов Ерлан Тлеубайұлы  Шәкәрім Құдайбердиевтың шығармаларымен танысса, баласы, 7 «А» сынып оқушысы Абетов Диас  «Бір ел-бір кітап» акциясына ұсынылған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын окуды бастап, үйде аяқтауға жазғызып алды. Бұл ұйымдастырылған шараға оқушылар, ата-аналар белсенді қатысты.  

Келешек ұрпақ бұл рухани дүниемен сусындап шықса, ертеңгі болашақтары жарқын болары сөзсіз.

Жанар Бекмаганбетова

  Мектеп кітапханашысы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы