«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы ерінбе…»

Жарияланған: 27.02.2020


Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің кітапханасында 24 ақпан қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл-ағартушы, сазгер  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абайдың кітабын сыйла» акциясын мектеп кітапханашысы Ж.К.Бекмаганбетова  ұйымдастырып өткізді. Акцияға Баянауыл ауданының тұрғыны, зейнеткер, «Баянауыл баурайы» газетінің бас редакторының қызметін атқарған, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, көп жылдар ұстаздық еткен  Айтыбаев Тоқпан Акимбекович қатысып, әкесінен мұра болып қалған «Абай Құнанбаев» атты кітаппен   жас оқырмандарды таныстырды.

Мектебіміздің ұстаздары А.А.Сушкова, К.С.Кошанова, А.А.Солтаналина,  Б.Р.Жумабекова, Ж.К.Бекмаганбетова,  сонымен қатар мектебіміздің 5-сынып оқушысы Жаролла Қарақат акцияға белсене қатысты. Мектеп кітапханасына 6 кітап сыйға тартты.

Акция барысында оқушыларға Абай атамыздың өмірбаяны, шығармалары, XІX ғасырдың  90-жылдары өзінің ой толғанысымен жазылған қара сөздерінің тәрбиелік мәні  жайлы көп мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, ұлы ақынның  өлеңдерінің мән-мағынасын, адамды жақсылыққа тәрбиелейтінін және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы ғылым болуы керек екені айтылды.

«Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектеп»КММ

                                                                                      бастауыш сынып пән мұғалімі:

К.С.Кошанова

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы