«Асыл қариялар» мерекелік кеші

Жарияланған: 03.10.2018


Зейтін  Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде  2 қазан күні қарияларға арналған «Асыл қариялар» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.  Мерекелік шарада мектеп директоры Төлеутаев Дүйсенбек Байронұлы қарияларды мерекемен құттықтап, елінің қамы үшін жасаған ерліктерін атап  өтті. Сөзінің соңында  «Қарттарын ардақтай білген елдің ру­хы үстем, шаңырағы биік» болады деп сөзін тәмамдады. 

Қарттарымызға  мектеп көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, қариялардың көңілін сергіту мақсатында жұмбақтар жасырылып, «Бата беру», «Әнді жалғастыр»атты сайыстар өткізілді. Ата-әжелеріміздің көңілдері бір серігіп, өте белсенділікпен қатысты.

Ардақты, асыл қарияларымыз мектеп ұжымына ақ тілектерін білдіріп,  баталарын берді.

 

Зейнуллин Б.Н

Зейтін Ақышев атындағы

жалпы білім беретін орта мектебі

.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы