Арыстық балалар Жасыбай демалыс аймағында

Жарияланған уақыты: 04.07.2019


Павлодар облысына көңіл серпілтуге арнайы келген 130 арыстық балақайдың Баянауыл ауылында орналасқан облыстық "Жас дәурен" оқу-сауықтыру орталығында демалып жүргеніне бір апта уақыт болды.

Демалушылардың ең үлкені 16 жаста болса, ең кішісі 1-классты енді аяқтаған екен. Көпшілігі Арыс қаласының өзінен, жартысы қала маңайындағы ауылдардан келіпті.

Оларды бастап келген топтың жетекшісі Ақжарқын Кенжебекова балалардың көңілі көтеріліп, жандары жадырай түскенін айтады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы