«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Жарияланған: 09.10.2018


Жуырда Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шарада Майқайың кенті әкімінің міндетін атқарушысы Махамбетов Руслан Амантайұлы  аулымыздың қарияларын мерекесімен құттықтап сөз сөйледі, жәнеде мектебіміздің директоры Бейсенбаева Жаннур Манашқызы да өзінің жылы лебізін білдірді.

Қарттарымыздың көңілін көтеру мақсатында мектебіміздің оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті. Қарияларымыздың көңілдері қуанышқа толып, би билеп, ән айтып, мәз мейрам болды. Ұжымымызға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

 

Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің

биология пәні мұғалімі Камкарова А. Ж.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы