Қарттарым – асыл қазынам

Жарияланған: 03.10.2018


2018 жылдың 02 қазанында Қызылтау ауылдық округінің Ж.Аймауытов ауылында «Қарттар күні» салтанатты түрде аталып өтті. Осыған орай әкімшілік ұжымы, мәдениет үйінің ұжымы және мектеп ұжымы мен оқушылары болып Ж.Аймауытов жалпы орта білім беру мектебінің асханасында ас беріліп, «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт жалғастырылды.

Мереке күні сағат 13:00-де ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналар шақырылған бұл шарада Қызылтау ауылдық округінің әкімі Мұқашев Руслан Рахметоллаұлының құттықтау сөзімен ашылды. Келесі сөз кезегі ардагер ұстаздар Ж.Ә.Әлжанов пен Ш.Қ.Канафинаға және Түсіпжанов О.Ы. берілді.

Өз кезегінде олар ауыл қарияларын  аталмыш мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт, отанымызға береке-бірлік тіледі.  Ауыл тұрғыны Е.Жакупбеков мереке иелерін құттықтап, сөз соңында осы шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қабдуали ақсақал, Бекболат ақсақал, Насыр ақсақал, Жазубай ақсақал, әжелер және ауыл имамы Х.Садихан сөз алып мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді. 

       Мереке әрі қарай концерттік бағдарламамен  жалғасты. Мектеп оқушылары дайындаған мың бұралған билерін билеп,  әндерін ата-әжелеріне тарту етті.

 

Қызылтау ауылдық округі

  Әсем   Букеева

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы