«Қарттарым асыл қазынам»

Жарияланған: 01.10.2018


Бірлік ауылдық округінде 30 қыркүйек  күні Халықаралық қарттар күні ауылымыздың мәдениет үйінде  «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында іс-шара аталып өтті.  Мерекеге ауылдың ақсақалдары  мен ақ жаулықты  әжелері  жиналды.  Мәдениет үйінің көркем  жетекшісі  Алимбетова Жанардың  ұйымдастыруымен  Нұрланұлы Нұржан, Нұрланқызы Жаннұр «әке- ана» әні , Амантау Мәншүк « Бал-балалық» әні, Әлімбет Айсана « ертегілер елінде» ,Сейткқазы Әмина Мұқағали Мақатаевтың « Қарапайым қаттарды сүйемін» өлең жолдарын оқыды.

Қожамбаева Аяулым « Асыл әжем» әні, 1-ші топ мүгедегі Лупанчук Никита мен Рахимова Меруерт апайымен халық әні «Үклім-ай» әнін орындады.1- сынып оқушылары би билеп  өз өнерлерін, шығармашылық арнауларын тарту етті.  Бірлік ауылдық округінің әкімі Аманжолов Айдос Айтбайұлы әкімшілік тарапынан ізгі тілегін білдіріп құттықтады.  Кәмелет жасқа толмаған  бес мүгедек балаға округ  әкімі сыйлықтарын табыс етті.

       Қарттарымыз мерекелік кеште көңілдері көтеріңкі, жүздеріне күлкі, жүректеріне  қуаныш  ұялап мәдениет үйінің ұжымына, жергілікті әкімшілікке алғыстарын айтып, баталарын берді. Мерекелік шара дастархан мәзірімен жалғасын тапты.

       Қарттар күніне демеушілік жасаған: Сарыкөл көмір кенішісінің директоры Кашаганов Булат Зейнуллович, «Әділ» шаруа қожалық басшысы  Бейсембаев Азаматқа барша ауыл тұрғындарының ризашылығы шексіз.

 

  Бірлік ауылдық округ әкім аппаратының әдіскері

Касенова Самал Маратқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы