«Қарттарым аман-сау жүрші»

Жарияланған: 01.10.2018


Күзгі күнтізбеде жүрегіңді елжіретіп, толғанысқа түсірер, кеудеңді толтырған ризашылықты жеткізгенше асығатын, қолыңнан келген қызметіңді көрсеткің келіп тұратын ерекше күн бар – бұл 1 қазан немесе Халықаралық қарттар күні.

«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі. Біздің қоғамымыздағы түсіністіктің, сыйластықтың орнауында Елбасы жүргізіп отырған сындарлы-салиқалы саясатпен бірге аға ұрпақтың да үлесі бар. Сондықтан, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері – ерік-жігерін ұрпағының жарқын болашағы үшін құрбан еткен қариялармыздың да арқасы.

Қазақтар «Төрінен қарт кетпесін» дейді, жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Қазыналы қариялар күніне орай  Майқайың кентінің барлық мекемелерінде, жастар арасында оқушылар арасында кең деңгейде ұйымдастырылып өтті. Атап айта кетер болсақ, «Қарттарым аман-сау жүрші», «Қазыналы қариям», «Ауылында қарт болса жазып қойған хатпен тең» атты іс шаралар барысында мектеп оқушылары, жастар кеңесі жалғызбасты қарияларға көмек қолын созып, ата әжелердің ақыл кеңесін тыңдап, ризашылықтары мен батасын алып қайтты. Осындай тәрбиеге толы іс шара тек күнтізбелік бір күнмен шектеліп қалмай тұрақты түрде жүргізіліп отырса нұр үстіне нұр болар еді.

Майқайың кент әкімі аппаратының  әдіскері

Мурзасеитова К.Н.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы