«Ардагерлерге құрмет»

Жарияланған: 24.02.2020


Бәріміз өз уақытымыздың, өз заманымыздың сапында тұрған сарбазбыз. Отан алдындағы  борыш-міндетін адал атқарып, патриоттық парызын  өтеп қайтқан Кеңес жауынгерлеріміз.

23 ақпан, яғни ескіше Кеңес әскерінің құрылған күні қарсаңында аудан әкімінің аппарат басшысы Қайыргелді Қасымтайұлы Абылғазин,
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Асыл Жамбылұлы Шадиев аудан  орталығында тұратын ауған соғысының ардагерлерін қабылдады. Аппарат басшысы әр ауған соғысы ардагерінің әскери дерегіне жеке-жеке  тоқталып, ардагердің ерлік жолында жеткен жетістіктерін бағалап, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Асыл Жамбылұлы Шадиев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.

 

Игі тілекпен:  Ауған соғысының ардагерлері.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы