Введите ваш запрос для начала поиска.

Қаражарлық шебер бала

Жарияланған: 05.12.2018


Жер жәннаты – Баянауыл, небір жігіттің төрелері де осы өңірден шықты десем артық айтқаным емес. Менің айтқалы отырғаным - ауылымыздың «бизнесмен жігіті» атанған 9-сынып оқушысы Қанат Аман жайлы. Облыстан «Бизнесмен бала» байқауы жарияланды дегенде ойымызға бірден сыныптасымыз Аман түсті.

 Аман «Қаражар», «Мырзашоқы» және мектебіміздің  атауы жазылған, ауылымыз, табиғатымыз бейнеленген магнитті жапсырмалар жасап сатумен айналысады. Оның ойы  ауылымызда салынып жатқан тау – шаңғы базасының атын шығару.

Аманның ұқыпты, көркем және де асқан бір шеберлікпен салынған суреттеріне қызыға да, мақтана да қарайсың. Табиғаттың, ауылымыздың және де тау бүлдіргенінін өзін де Аманның бұйымдарынан көре аласыздар. Әсіресе қайың ағашына күйдіру арқылы салынған суреттері ерекше.

Келешекте тау-шаңғы базасы  жұмысы басталғанда, туристер үшін Аманның бұйымдары таптырмас дүние болар еді. Аманның өнеріне бүгінде досы Мейрам Нұржан да қолқабыс етіп, екеуі келешекте қолөнер жұмыстарын көптеп жасамақ.  Достарымызға, шағын кәсіптерің келешекте ұлғая түссін - деп тілек білдіреміз.

      Жас тілші Темірбай Гүлназ, Қаражар ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы