Қарақшылар күні

Жарияланған: 27.06.2019


Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінің көркем жетекшісі Мардан Көркем Тауфикқызы «Қарақшылар» күнің өткізді. Осы шараға «Саяхатшылар», «Marvel», «Апельсины», «Микки маус» топтары және топ жетекшілері қатысты. Тапсырмада сурет түрінде берілген сөз жұмбақтар, ребустарды шешеді. Стикерде жасырылған сөзде қазынаның жасырылған орны беріледі

1 тапсырма: 4 топқа конвертте жасырылған жұмбақтар беріледі. Оқушылар сол жұмбақтың жауабын дұрыс табу арқылы келесі бөгетке өтеді.

2 тапсырма: 4 топта белгіленген жерге барған уақытта ол жерден жасырылған тапсырманы орындайды. Тапсырмада сурет қиындыларын жинау арқылы келесі бөгетті табады.

3 тапсырма: 4 топта белгіленген жерге барған уақыты ол жерден жасырылған тапсырманы орындайды. Тапсырмада Жұмбақ есептерді шешу арқылы есептің жауабының алдыңғы әріптерін бір-біріне қосып , келесі  бөгеттің аты жазылу арқылы табылады.

4 тапсырма: 4 топта белгіленген жерге барған уақытта ол жерден жасырылған тапсырманы орындайды..

    Бүгінгі «Қазына іздеу» сайысында 1 орын «Апельсины», 2 орын «Саяхатшылар», 3 орын «Marvel», 4 орын «Микки маус» командалары марапатталды. Балалар өте белсене қатысты.

«Тұлпар» жазғы

сауықтырулагерінің

аға тәлімгері

Нағымтаева

Айнаш Қонақбайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы