Ана гүл –ана нұр!

Жарияланған уақыты: 07.03.2019


Наурыздың шуақты күнінің 4 жұлдызы күні Қаратомар ауылдық округінің мәдениет үйінде 8 наурыз халықаралық аналар күніне арналған «Ана гүл-ана нұр» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарлама барысында құттықтау сөз сөйлеген ауыл әкімі Ардақ Ануарбекұлы аналарды мерекелерімен құттықтап өз атынан ауылдық округтің 120 анасына қызғалдақ гүлдерін сыйға тартты.

Ауылдық округ бойынша меммлекеттік мекемелерде басшылық жасап отырған нәзік жандыларға, алтын,күміс алқа иегерлеріне, көпбалалы аналарға, тыл ардагерлеріне, жеке кәсіппен айналысатын кәсіпкер аналарға, МТС Жайма ЖШС қызмет жасайтын аналарға демеушілер атынан барлығы 43 дана  сыйлық табысталды. Мерекелік концертт мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауындағы әдемі әндермен жалғасты.

Өткізілген ісшараға дән риза болған аналар концерттік бағдарлама біткеннен кейін де ешқайда тарқамай, өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты. Осы шараның өтуіне демеушілік жасаған ауыл әкімі Ардақ Ануарбекұлына, МТС Жайма ЖШС директоры Батырбек Хабибулұлына және «Әділ» шаруа қожалығының басшысы Марат Төкішұлына алғысымыз шексіз! 

Р.Бибалинов 
Қаратомар ауылы 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы