Алғысым шексіз…..

Жарияланған: 11.07.2019


Міне жаз мезгілі де келді. Жазғы демалысты жақсы өткізу үшін Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатындағы  «Тұлпар» атты жазғы сауықтыру лагеріне бардым. Мен бұл лагерде 3 маусымнан 17 маусымға дейін өте жақсы демалдым.

Маған бұл лагерь алғашқы күннен- ақ ұнады. Себебі біз «Саяхатшылар», «MARVEL», «Микки Маус» және  «Апельсины» төрт топ болып бөлініп, күн сайын топтың аты, ұраны айтылып, таңғы жаттығулар жасалды, спорттық ойындар, ұлттық ойындар және әртүрлі тәрбиесі мол іс-шаралар ұйымдастырылып өтті.

Осында болған аспаздардың тағамдары өте дәмді болды. Мұнда біз Баянауылдың  әсем, керемет, көрікті жерлері Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл және Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұса – Шорман кесенелеріне,  бардық.

Жалпы жазғы демалысым күн сайын өте қызықты өтті. Мен ризамын, алғысым шексіз!

 

 

Зейтін Ақышев атындағы мектебінің

5 сынып оқушысы Балғабай Асыл

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы