Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған

Жарияланған: 26.10.2018


Жақында МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасында «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: тәрбиеленушілерге күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Сондай-ақ, мерекеге аспазшы, медбике, «Күз ханшайымы» сияқты кейіпкерлер  келді. Олар балалармен түрлі ойындар ойнатып, ән айтқызып, би билетіп көңілдерін көтерді.

Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында қаланатынын ескере отырып, осы ұйымдастырылған іс-шара ата –аналардың тікелей қатысуымен өтті. Ата-аналармыз мерекелік іс-шараға белсене қатысып, қолөнер бұйымдарын жасап, балабақша атынан алғыс хаттармен марапатталды. Күз мезгілі әр адамға байлығы мен берекесін әкеледі және баршамызға тамаша әсер етеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы