« Алдын алу. Қорғау. Иммундау! »

Жарияланған: 01.05.2019


        Қаражар мектебінде  Еуропалық  иммундау аптасы  өтті.  «Вакцина жасату-полиомиелиттен сақтанудың  сенімді жолы», «Пайдалы кеңестер» тақырыбында ақпараттық дайджест, оқушыларға  және  ата-аналарға арналған сауалнамалар жүргізілді. 5-9 сынып оқушылар арасында «Полиомиелит» , «Көкжөтелден тиімді қорғану –екпе алу!»  тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Сынып сағаттарында оқушыларға екпенің пайдасы,  екпенің жүргізу мерзімдері туралы айтылды . 5-8 сынып қыздары үлкен үзілісте «Екпеге қарсы емеспіз ! »деген   транспаранттармен ортаға шығып  барлық оқушыларды флешмобқа  шақырды.

Қаражар ауылы.Б.М.Ахметова

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы