Аймақтық семинар өтті

Жарияланған: 16.10.2019


Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінде «Шағын жинақтық мектептегі жаңа білім беру» тақырыбында  аймақтық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Семинарға аудандық білім бөлімнің  әдіскерлері және аудан мектептерінің  қазақ, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, тарих, география, биология, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, көркем еңбек, бастауыш сынып мұғалімдері, тәрбиешілер, тәлімгерлер қатысты.

Бастауыш сынып  мұғалімі  Р.Д.Сембекова 2-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Дауыссыз қ мен ғ»», Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі А.К.Төкенова 5-сыныпта «Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер», математика пәнінің мұғалімі А.А.Ідірісова  8-сыныпта «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру», өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі А.М.Ахметова 5-сыныпта «Танымға бастар жол»,  география пәнінің мұғалімі Т.К.Сембеков 8-сыныпта «Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі», қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.І.Мұрсалова 6-сыныпта «Отбасылық құндылықтар», биология пәнінің мұғалімі С.К.Темірбаева, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 6-сыныпта «Мы  в ответе за тех, кого приручили...»,  информатика пәнінен А.Б.Макаров 7-сыныпта «Компютерлік желілер және олардың жіктелуі», бастауыш сынып  мұғалімі  Н.А.Ералина 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Мәтін және оның түрлері», бастауыш сынып  мұғалімі  Т.У.Әбдікәрімова  3-сыныпта математика пәнінен «Мүмкіндіктертармағы», денешынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Б.Бейбіт  4-сыныпта «Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындар», даярлық топ және шағын орталық  тәрбиешілері А.Х.Тұрсынбаева мен Ф.С.Қабышева «Жомарт күз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Спорт нұсқаушысы Қ.О.Бапышев «Шағын жинақтық  мектептің спорт нұсқаушысының жұмысы», әлеуметтік педагог А.К.Шомақова «Мен ата-анаммен мақтанамын»сынып сағатын ұйымдастырды.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Р.Е.Зәкенова семинарға қатысушыларға  «Шебер қолдар әлемінде» тақырыбына ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесін ұсынды. Көрмеге ұлттық ою-өрнектермен жасалған қолданбалы тұрмыстық заттар мен ағаштан ойылған қазақи бұйымдар қойылды.                                                    

Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

Мәншүк Тынысқызы Шумақова,

білім бөлімнің әдіскері.

                                                                        

                                                                   

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы