ҚАДІРЛІ БАЯНАУЫЛДЫҚТАР!

Жарияланған: 30.03.2020


Баршаңызды қазіргі қауіпті жағдайда сабырлы болуға шақырамын!

Әрбіріңізден сақтық шараларын күшейтулеріңізді сұраймын!

Әрқайсыңыз өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қарап, үйде болыңыздар!

Балаларыңызды қатаң қадағалаңыздар!

Біздің басты байлығымыз - адам өмірі екенін естен шығармаңыздар!

Коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін Мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда.

Біз бірге болып, Мемлекет басшысының Жарлығына құлақ асып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз!

Бұның барлығы өтпелі!

Сіздерге жалған ақпарат таратпау керектігін ескертемін!

Ондай әрекеттер үшін кез-келген азамат заң алдында жауапқа тартылады!

Онсыз да қорқыныштан қалтырап отырған ел-жұртты үрейлендірмеңіздер!

Нақты емес алып-қашпа негізсіз әңгімелерге ермеулеріңізді сұраймын!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

БІЗ БІРГЕМІЗ!

ОСЫНЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗДАР!

БІРГЕ БОЛСАҚ ҚАНА, БАРЛЫҚ КЕДЕРГІДЕН ҚИНАЛМАЙ ӨТІП, КЕЗ-КЕЛГЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТЫ ЖЕҢЕМІЗ!

 

Қанат Кәрімов,

Баянауыл ауданының әкімі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы